Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-...

Білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 583 бұйрығы

(2022.11.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2023 жылғы 8 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2015.27.07. № 488 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2022.23.09. № 78 бұйрығымен (2022 ж. 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 25-тармағына сәйкес және оқу-әдістемелік жұмысқа басшылық жасау және үйлестіруді жүзеге асыру үшін БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2015.27.07. № 488 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

2. «Білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 18 қарашадағы № 946 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 15 желтоқсанда № 3282 тіркелген, 2005 жылғы 21 қазанда № 195-196 (929-930) «Заң газетінде» жарияланған,) күші жойылды деп танылсын.

3. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.М. Өмірбаев) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.

4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.

 

 

Министр

Қазақстан Республикасы 

Білім және ғылым министрінің 

2007 жылғы 29 қарашадағы 

№ 583 бұйрығымен 

бекітілді

 

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку