Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 18 қарашадағы № 946 бұйрығы (күші жойылды)

Білім беру ұйымдарында оқу-әдiстемелiк жұмысты ұйымдастыру ережесін
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
2004 жылғы 18 қарашадағы № 946 бұйрығы

 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 583 Бұйрығымен күші жойылды

 

"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңын iске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 22 қазандағы № 319-ө өкімін орындау үшiн БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берiлiп отырған Білім беру ұйымдарында оқу-әдiстемелiк жұмысты ұйымдастыру ережесi бекітілсiн.

2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi білім департаментi (К. Құрманәлиев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігіне мемлекеттік тiркеуге ұсынсын.

3. Осы бұйрық тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.

 

Министрдің

міндетін атқарушы

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2004 жылғы 18 қарашадағы

№ 946 бұйрығымен бекітілген

Білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік

жұмысты ұйымдастыру ережелері

1. Жалпы ережелер

1. Білім беру ұйымдарында оқу-әдiстемелiк жұмысты ұйымдастыру ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрленген.

2. Осы ереже білім беру ұйымдарында жалпы орта, кәсiптiк бастауыш, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi білім беру бағдарламаларын iске асыратын оқу-әдiстемелiк жұмыстарды реттейдi.

3. Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

оқу-әдiстемелiк жұмыс - білімдiк процесiнiң оқытушылық, тәрбиелiк және дамушылық мақсаттарға жеткізу үшiн, оны психологиялық-педагогикалық, дидактикалық-әдiстемелiк және оқу-материалдық нысандармен қамтамасыз етудiң беру ұйымдарының қызметi;

әдiскер - оқу-әдiстемелiк, ғылыми-әдiстемелiк жұмыстарды орындаушы білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерi;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку