(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК ӘКІМШІЛІК ЛАУАЗЫМҒА ОРНАЛАСУДЫҢ КЕЙБІР ...
Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы
(2024.01.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2024 жылғы 9 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2020.19.05. № 81 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 258 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2023.11.02. № 37 бұйрығымен (2023 ж. 20 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.27.02. № 49 бұйрығымен (2023 ж. 1 наурыздан бастап 2023 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылды) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 5), 11) тармақшаларына, 27-бабының 2-тармағына, 28-бабының 3, 4-тармақтарына, сондай-ақ «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023.27.02. № 49 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап 2023 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылды) (бұр.ред.қара)
1. Қоса берілген:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары;
2) 2023 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
3) 2023 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
2. Осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаменті заңмен белгіленген тәртіпте:
Редакция документа
Демо – версия документа