«Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 11 ақпандағы № 37 бұйрығы
«Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 11 ақпандағы № 37 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14939 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
««Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 5), 11) тармақшаларына, 27-бабының 2-тармағына, 28-бабының 3, 4-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты (бұдан әрі – конкурс) өткізу тәртібін айқындайды.»;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа