(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ САЛАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ...
Жер қатынастары саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 355 бұйрығы
(2016.11.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 жылғы 10 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2)-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2016.11.11. № 473 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса берілген:
1) «Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) «Жер учаскесіне кадастрлық ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
3) «Жер учаскесінің тиесілілігі туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;
4) «Жер учаскесіне бастапқы құқық беруге құқық белгілейтін құжат туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес бекітілсін;
5) «Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес;
6) «Тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес;
7) «Уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес;
Редакция документа
Демо – версия документа