Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Жер учаскесіне бастапқы құқық беруге құқық белгілейтін құжат туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 355 бұйрығына 4-қосымша) (2016.20.02. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019.10.06. № 230 бұйрығымен күші жойылды

 

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2016.20.02. № 90 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2015 жылғы 24 сәуірдегі

№ 355 бұйрығына

4-қосымша

 

 

«Жер учаскесіне бастапқы құқық беруге құқық белгілейтін құжат туралы ақпарат беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

(2016.20.02. берілген өзгерістермен)

 

 

1. Жалпы ереже

 

1. «Жер учаскесіне бастапқы құқық беруге құқық белгілейтін құжат туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 11050 болып тіркелді)) бекітілген «Жер учаскесіне бастапқы құқық беруге құқық белгілейтін құжат туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - жер учаскесіне бастапқы құқық беруге құқық белгілейтін құжат туралы ақпарат беру анықтамасы (бұдан әрі - ақпарат).

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық

бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

4. Стандартқа сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету рәсімін (іс-қимылды) бастау үшін:

көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде - стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініші;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции