Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамын қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 1 наурыздағы № 100 Қаулысы (2024.28.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

«KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамын қайта атау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 1 наурыздағы № 100 Қаулысы

(2024.28.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы болып қайта аталсын.

2. «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығы 51% мөлшерінде Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігіне берілсін.

3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамында мемлекеттік органдар өкілдерінің сайлануын қамтамасыз етсін.

4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

5. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендіру комитетiмен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Б. Сағынтаев

 

ҚР Үкіметінің 2019.13.03. № 106 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.28.01. № 34 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.18.05. № 314 Қаулысымен (бұр.ред.қара) қосымша жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2024.28.02. № 131 Қаулысымен қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2017 жылғы 1 наурыздағы

№ 100 қаулысына

қосымша

 

 

«KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамына сайланатын мемлекеттік органдардың өкілдері

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции