Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «KAZNEX INVEST» ЭКСПОРТ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӨНІНДЕГІ...

«KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамын қайта атау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 1 наурыздағы № 100 Қаулысы

(2022.28.01. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2022 жылғы 18 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы болып қайта аталсын.

2. «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығы 51% мөлшерінде Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігіне берілсін.

3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамында мемлекеттік органдар өкілдерінің сайлануын қамтамасыз етсін.

4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

5. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендіру комитетiмен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Б. Сағынтаев

 

ҚР Үкіметінің 2019.13.03. № 106 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.28.01. № 34 Қаулысымен (бұр.ред.қара) қосымша жаңа редакцияда

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2017 жылғы 1 наурыздағы

№ 100 қаулысына

қосымша

 

 

«KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамына сайланатын мемлекеттік органдардың өкілдері

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Директорлар кеңесінің төрағасы

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку