«Жұмыспен қамтудың жеке картасын және оны толтыру нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 365 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 25 маусымдағы № 218 бұйрығы
«Жұмыспен қамтудың жеке картасын және оны толтыру нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 365 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 25 маусымдағы № 218 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жұмыспен қамтудың жеке картасын және оны толтыру нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 365 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33380 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 100) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Жұмыспен қамтудың жеке картасы» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан;»;
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген Жұмыспен қамтудың жеке картасын жүргізу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа