«Жұмыспен қамтудың жеке картасын және оны толтыру нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 365 бұйрығы (2024.12.07. берілген өзгерістермен)
Жұмыспен қамтудың жеке картасын және оны толтыру нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 365 бұйрығы
(2024.12.07. берілген өзгерістермен)
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024.25.06. № 218 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 100) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024.25.06. № 218 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Жұмыспен қамтудың жеке картасы» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Жұмыспен қамтудың жеке картасын жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір бұйрықтарының кейбір бұйрықтары мен құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
Демо – версия документа