(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008.11.02 № 125 ҚАУЛЫСЫ
Тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектілеріне есептік нөмірлер беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 ақпандағы № 125 Қаулысы
(2009.08.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2015 жылғы 29 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беру және олардың тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 407 бұйрығын қараңыз
«Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектілеріне есептік нөмірлер беру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2008 жылғы 11 ақпандағы
№ 125 қаулысымен
бекітілген
Тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектілеріне
есептік нөмірлер беру ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектілеріне есептік нөмірлер беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 5-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектілеріне (бұдан әрі - өндіріс объектілері) есептік нөмірлер беру тәртібін белгілейді.
2. Есептік нөмірлер беруге Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық өндіріс объектілері жатады.
ҚР Үкіметінің 2009.08.12. № 2038 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Ветеринариялық-санитариялық бақылануға тиісті тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектілеріне (бұдан әрі - ветеринарлық объект) есептік нөмірлер беруді және олардың Тізілімін жүргізуді ветеринария саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Редакция документа
Демо – версия документа