Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008.11.02 № 125 ҚАУЛЫСЫ

Тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектілеріне есептік нөмірлер беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 ақпандағы № 125 Қаулысы

 

Осы редакция 2009 жылғы 8 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектілеріне есептік нөмірлер беру ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2008 жылғы 11 ақпандағы

№ 125 қаулысымен

бекітілген

 

 

Тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектілеріне

есептік нөмірлер беру ережесі

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектілеріне есептік нөмірлер беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 5-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектілеріне (бұдан әрі - өндіріс объектілері) есептік нөмірлер беру тәртібін белгілейді.

2. Есептік нөмірлер беруге Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық өндіріс объектілері жатады.

3. Ветеринарлық қадағалануға тиісті тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектілеріне (бұдан әрі - ветеринарлық объект) есептік нөмірлер беруді және олардың Тізілімін жүргізуді ветеринария саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

4. Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалануға тиісті тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектілеріне (бұдан әрі - санитарлық объект) есептік нөмірлер беруді және олардың Тізілімін жүргізуді халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

5. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку