(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚҰҚЫҚТЫҚ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ ҚАҒИДАЛАРЫН БЕКІТУ ТУРА...
Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 486 Қаулысы
(2022.13.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2023 жылғы 9 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Құқықтық мониторинг жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiнiң күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2021.10.08. № 544 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 29 тамыздағы
№ 486 қаулысымен
бекiтiлген
Құқықтық мониторинг жүргізу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Құқықтық мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 50-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік органдардың өздері қабылдаған және (немесе) әзірлеушілері болып табылған не өздерінің құзыретіне жататын нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды.
Редакция документа
Демо – версия документа