«Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 486 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 тамыздағы № 544 Қаулысы (күші жойылды)
«Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 486 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 тамыздағы № 544 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 13 шілдедегі № 560 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 486 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Құқықтық мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 3-тарауын қоспағанда, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 10 тамыздағы
№ 544 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 29 тамыздағы
№ 486 қаулысымен
бекітілген
Құқықтық мониторинг жүргізу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Құқықтық мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 50-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік органдардың өздері қабылдаған және (немесе) әзірлеушілері болып табылған не өздерінің құзыретіне жататын нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды.
Документ утратил силу
Демо – версия документа