«Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі реттейтін салаларда өзін-өзі реттеуді дамыту жөніндегі шаралар кешенін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 453-НҚ бұйрығы (2024.15.03. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі реттейтін салаларда өзін-өзі реттеуді дамыту жөніндегі шаралар кешенін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 453-НҚ бұйрығы
(2024.15.03. берілген өзгерістермен)
ҚР Сауда және интеграция министрінің 2024.15.03. № 141-НҚ бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 4-3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Сауда және интеграция министрінің 2024.15.03. № 141-НҚ бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі реттейтін салаларда өзін-өзі реттеуді дамыту жөніндегі шаралар кешені (бұдан әрі - Шаралар кешені) қосымшаға сәйкес бекітілсін.
ҚР Сауда және интеграция министрінің 2024.15.03. № 141-НҚ бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда саясаты және стратегиялық жоспарлау департаменті Шаралар кешенін орындауды қамтамасыз етсін.
ҚР Сауда және интеграция министрінің 2024.15.03. № 141-НҚ бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министрлеріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр | А. Шаққалиев |
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрінің
2023 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 453-НҚ бұйрығына қосымша
Техникалық реттеу саласында өзін-өзі реттеуді дамыту жөніндегі шаралар
кешені
№ | Іс-шара | Жауапты тұлға | Аяқтау нысаны | Орындау мерзімі | Жауапты орындаушы |
1. | Тиісті салада (аяда) өзін-өзі реттеуді жүргізу жөніндегі реттеуші мемлекеттік органның тиісті құрылымдық бөлімшесінің жауапты лауазымды адамын бекіту | ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қ.Н. Елікбаев | бұйрық | 2024 жылғы 1 тоқсан | СЖТТЖБ |
Демо – версия документа