(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ САЛАСЫНДА ӨЗІН-ӨЗІ РЕТТЕУДІ ДАМЫТ...
Техникалық реттеу саласында өзін-өзі реттеуді дамыту жөніндегі шаралар кешенін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 453-НҚ бұйрығы
Осы редакция 2024 жылғы 15 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 4-3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Техникалық реттеу саласында өзін-өзі реттеуді дамыту жөніндегі шаралар кешені (бұдан әрі - Шаралар кешені) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті Шаралар кешенін орындауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр | А. Шаққалиев |
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрінің
2023 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 453-НҚ бұйрығына қосымша
Техникалық реттеу саласында өзін-өзі реттеуді дамыту жөніндегі шаралар
кешені
№ | Іс-шара | Жауапты тұлға | Аяқтау нысаны | Орындау мерзімі | Жауапты орындаушы |
1. | Тиісті салада (аяда) өзін-өзі реттеуді жүргізу жөніндегі реттеуші мемлекеттік органның тиісті құрылымдық бөлімшесінің жауапты лауазымды адамын бекіту | ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қ.Н. Елікбаев | бұйрық | 2024 жылғы 1 тоқсан | СЖТТЖБ |
2. | Техникалық реттеу салаларында өзін-өзі реттеуді енгізу мүмкіндігіне талдау жүргізу | ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасарлары | талдау | 2024 жылғы 1 тоқсан | СЖТТЖБ, МББ, ТРХЫБ, ЦМҚБ, СБАМБ, СТШЕБ |
Редакция документа
Демо – версия документа