(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.11.04 № 441 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 сәуірдегі № 441 Қаулысы
(2014.19.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 25 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2012 жылғы 11 сәуірдегі
№ 441 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер
1. ҚР Үкіметінің 2014.19.09. № 995 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. ҚР Үкіметінің 2014.11.05. № 470 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. «Жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуының жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларын, сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы және кадрлардағы қазақстандық қамту жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептерін жасаудың және ұсынудың нысаңдары мен қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 965 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 52, 497-құжат):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларын, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы және кадрлардағы жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептерін жасаудың және ұсынудың нысандары мен қағидасын бекіту туралы»;
5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5) жер қойнауын пайданалушылардың кадрлардағы жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есеп нысаны;
Редакция документа
Демо – версия документа