(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.11.04 № 441 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 сәуірдегі № 441 Қаулысы
(2014.11.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 19 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2012 жылғы 11 сәуірдегі
№ 441 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер
1. «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 47, 586-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі туралы ережеде:
47), 48), 49), 50), 51), 53), 54), 237), 244), 245), 270), 275), 276) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«47) Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді ұйымдардың және мемлекеттік органдардың сатып алуы кезінде жергілікті қамтудың үлесін ұлғайту бойынша шараларды әзірлеуді жүзеге асырады және мемлекеттік саясатты іске асырады;
48) жергілікті қамту мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді және әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
49) бірлесіп бекітілген нысандар негізінде Қазақстан Республикасы Қаржы, Мұнай және газ министрліктері тұрақты негізде ұсынатын жергілікті қамту бойынша жалпы ақпаратты жинақтауды және талдауды қамтамасыз етеді;
Редакция документа
Демо – версия документа