Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҒЫН АЛУДЫ ЖӘНЕ ОД...

Осы редакция 2018 жылғы 27 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрінің

2015 жылғы 7 сәуірдегі

№ 315 бұйрығына

3-қосымша

 

 

«Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды және одан шығуды тiркеу»

мемлекеттiк қызмет стандарты
(2017.10.02. берілген өзгерістермен)

 

 

«Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауды және одан шығуды тiркеу» мемлекеттік қызметінің регламентіне қараңыз

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды және одан шығуды тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің аумақтық бөлiністері (бұдан әрі - қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) қажетті құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап - 6 (алты) ай, жеңілдетілген тәртіппен - 3 (үш) ай;

2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут;

3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы анықтама беру;

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы анықтама беру;

3) осы мемлекеттік қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту болып табылады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку