«Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды, қалпына келтіруді және одан шығуды тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 495 бұйрығына 3-қосымша) (2019.16.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
ҚР Ішкі істер министрінің 2020.28.03. № 260 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 30 мамырдағы
№ 495 бұйрығына
3-қосымша
ҚР Ішкі істер министрінің 2019.19.02. № 136 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды, қалпына келтіруді және одан шығуды тiркеу»
мемлекеттік қызметінің регламенті
(2019.16.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ішкі істер министрінің 2019.19.02. № 136 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Ішкі істер министрінің 2019.19.02. № 136 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1 «Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды, қалпына келтіруді және одан шығуды тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі - регламент) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 10-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 315 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11203 болып тіркелген) бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды, қалпына келтіруді және одан шығуды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды,қалпына келтіруді және одан шығуды ресімдеу рәсімін айқындайды.
ҚР Ішкі істер министрінің 2018.24.01. № 45 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік қызметті Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында, «Министрлік туралы» бөлімде, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары» деген кіші бөлімде көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық көші-қон қызметі бөліністері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: автоматандырылмаған.
ҚР Ішкі істер министрінің 2019.19.02. № 136 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Документ утратил силу
Демо – версия документа