Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҒЫНА ҚАБЫЛДАУДЫ Ж...

Осы редакция 2019 жылғы 19 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2015 жылғы 30 мамырдағы

№ 495 бұйрығына

3-қосымша

 

 

«Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауды және одан шығуды тiркеу»
мемлекеттік қызметінің регламенті

(2018.24.01. берілген өзгерістермен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауды және одан шығуды тiркеу» мемлекеттік қызметінің регламенті (бұдан әрі - регламент) «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңы 10-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 315 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімдемесінде 2015 жылғы 27 мамырда № 11203 болып тіркелген) бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтарына қабылдауды және одан шығуды тіркеу » мемлекеттік қызметінің стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауды және одан шығаруды ресімдеу рәсімін айқындайды.

ҚР Ішкі істер министрінің 2018.24.01. № 45 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Мемлекеттік қызметті Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында, «Министрлік туралы» бөлімде, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары» деген кіші бөлімде көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық көші-қон қызметі бөліністері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: автоматандырылмаған.

4. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi арыз иесіне Стандартқа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес бекітілген нысан бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы анықтамалар беру не Стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

 

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку