(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ГАЗ ЖӘНЕ ГАЗБЕН ЖАБДЫҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ТЕКСЕРУ ПАРАҒ...
Газ және газбен жабдықтау саласындағы тексеру парағын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 748 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 824 бірлескен бұйрығы
(2017.18.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2018 жылғы 23 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Осы бірлескен бұйрықтың қосымшасына сәйкес газ және газбен жабдықтау саласындағы тексеру парағы бекітілсін.
2. «Газ және газбен жабдықтау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 30 маусымдағы № 483 және Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 441 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11827 болып тіркелді, 2015 жылғы 3 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ оның алынған күнінен бастап Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Редакция документа
Демо – версия документа