«Газ және газбен жабдықтау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 441 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 маусымдағы № 483 бірлескен бұйрығы (күші жойылды)
Газ және газбен жабдықтау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 441 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 маусымдағы № 483 бірлескен бұйрығы
ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 748 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 824 бірлескен бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 13-бабының 3-тармағына және 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Газ және газбен жабдықтау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;
2) осы бірлескен бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес газ және газбен жабдықтау саласындағы тексеру парағының нысаны бекітілсін.
2. Осы бірлескен бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрі мен Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің кейбір бірлескен бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бірлескен бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Документ утратил силу
Демо – версия документа