(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ КЕПІЛДІК БЕРІЛГЕН К...
Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 330 Қаулысы
(2018.02.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 26 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңы 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2009.25.12. № 2184 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.22.02. № 166 Қаулысымен (бұр.ред.қара) қосымша жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 14 наурыздағы
№ 330 қаулысымен
бекітілген
Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің
тізбесі
ҚР Үкіметінің 2012.10.02. № 214 Қаулысымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарын, Алматы, Астана қалаларын қоспағанда 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.03. № 91 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемі мына қызмет алушыларға ұсынылады:
1) психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балалар (бұдан әрі - балалар);
2) тірек-қозғалыс аппараты бұзылған мүгедек балалар (бұдан әрі - ТҚА бұзылған балалар);
3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектер (бұдан әрі - 18 жастан асқан адамдар);
4) бірінші және екінші топтағы мүгедектер (бұдан әрі - мүгедектер);
5) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасауға қабілетсіз адамдар (бұдан әрі - қарттар);
6) белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар (бұдан әрі - үйсіз адамдар);
7) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдар (отбасылар).
Редакция документа
Демо – версия документа