(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.14.03 № 330 ҚАУЛЫСЫ
Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 330 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 25 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңы 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2009 жылғы 14 наурыздағы
№ 330 қаулысымен
Бекітілген
Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік
берілген көлемінің тізбесі
1. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемі психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балалар қатарынан дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функциялары тұрақты бұзылған тұлғаларға ұсынылады.
2. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесі:
әлеуметтік-тұрмыстық;
әлеуметтік-медициналық;
әлеуметтік-психологиялық;
әлеуметтік-педагогикалық;
әлеуметтік-экономикалық;
әлеуметтік-құқықтық қызметтерді қамтиды.
3. Азаматтардың тұрмыстағы тіршілік әрекеттерін қолдауға бағытталған әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер балалардың стационарлық жағдайда тұрақты немесе уақытша тұруына арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) (бұдан әрі - стационарлық үлгідегі әлеуметтік қызмет көрсету ұйымы), балалардың күндіз болуына арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) (бұдан әрі - жартылай стационарлық үлгідегі әлеуметтік қызмет көрсету ұйымы) көрсетілетін болады.
Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер мыналарды қамтиды:
Редакция документа
Демо – версия документа