(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚПЕН ҚОРҒАЛАТЫН ОБЪЕКТІЛЕРГЕ ҚҰҚЫҚТАРД...
Осы редакция 2019 жылғы 12 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 11 қазандағы
№ 1481 бұйрығына
1-қосымша
«Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың
мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді және олардың өзгерістерін енгізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1 тарау. Жалпы ережелер
1. «Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді және олардың өзгерістерін енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - уәкілетті орган) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қабылдау және оның нәтижеcін беру «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетіледі.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - автордың өтінішін алған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде.
5. Мемлекеттікқызметкөрсетунысаны - электрондық (толық автоматтандырылған).
6. Мемлекеттікқызметкөрсетунәтижесі - Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне (бұдан әрі - тізілім) мәліметтерді енгізу туралыкуәлікнемесе осы стандарттың 10-тармағында белгіленген жағдайда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Редакция документа
Демо – версия документа