(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ ТУРАЛ...
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереженi бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысы
(2018.16.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2019 жылғы 20 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2012.05.07. № 916 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң құрылымын одан әрi жетiлдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 7 мамырдағы № 1085 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереже бекітілсiн.
2. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгінiң мәселелерi» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 9 наурыздағы № 368 қаулысының 1-тармағы 1-тармақшасының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 жыл, № 15, 142-бап) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2007.19.12 № 1241 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.06. № 707 Қаулысымен (бұр.ред.қара) ереже жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 16 тамыздағы
№ 1074 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2017.30.10. № 685 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін əскери-саяси жəне əскери-экономикалық басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган, сондай-ақ мемлекеттік авиация саласындағы уəкілетті орган болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2017.30.10. № 685 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бейбіт уақыттағы ведомствосы - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы бар.
Редакция документа
Демо – версия документа