(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «2015 - 2017 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ...
Қазақстан Республикасының
Заңы
2015 - 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы
(2015.30.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2017 жылғы 11 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 1300 Қаулысын қараңыз
2015.11.03. № 290-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.30.11. № 425-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бап жаңа редакцияда
1-бап. 2015 - 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2015 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 5 806 766 099 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 3 012 966 049 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 151 440 677 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 9 758 247 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 2 632 601 126 мың теңге;
2) шығындар - 6 805 804 245 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 77 386 247 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 190 765 812 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 113 379 565 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 181 292 385 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 182 652 385 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 1 360 000 мың теңге;
5) тапшылық - -1 257 716 778 мың теңге немесе елдің ішкі жалпы өнімінің 3 пайызы;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 1 257 716 778 мың теңге.
2015.30.11. № 425-V ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-бап. 2015 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенiн пайдаланғаны үшін 26 568 354 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 5 136 648 мың теңге сомасында жалдау ақыларының түсiмдері көзделсiн.
3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жiберiлетiн 2015 жылға арналған бюджетке түсетiн түсiмдердiң көлемi 4-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
Редакция документа
Демо – версия документа