Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 2014.28.11 № 259-V ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының
 Заңы

2015 - 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы

 

Осы редакция 2015 жылғы 11 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Осы Заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 1300 Қаулысын қараңыз

 

1-бап. 2015 - 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2015 жылға мынадай көлемдерде бекiтiлсiн:

1) кiрiстер - 6 744 976 569 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсiмдер бойынша - 4 024 397 054 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер бойынша - 125 596 084 мың теңге;

негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша - 9 508 247 мың теңге;

трансферттер түсiмдерi бойынша - 2 585 475 184 мың теңге;

2) шығындар - 7 209 953 778 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу - 85 039 259 мың теңге, оның iшiнде:

бюджеттiк кредиттер - 197 154 951 мың теңге;

бюджеттiк кредиттердi өтеу - 112 115 692 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 447 080 549 мың теңге, оның iшiнде:

қаржы активтерiн сатып алу - 448 030 549 мың теңге;

мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер - 950 000 мың теңге;

5) тапшылық - 997 097 017 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмінің 2,3 пайызы;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 997 097 017 мың теңге.

 

2-бап. 2015 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенiн пайдаланғаны үшін 21 275 000 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 4 585 410 мың теңге сомасында жалдау ақыларының түсiмдері көзделсiн.

 

3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жiберiлетiн 2015 жылға арналған бюджетке түсетiн түсiмдердiң көлемi 4-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.

 

4-бап. Тиiстi бюджеттiң кiрiсiне мыналар есептелетiн болып белгiленсiн:

1) бiрыңғай бюджеттiк сыныптаудың кiрiстер сыныптамасының «Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық» коды бойынша - жер қойнауын пайдаланушылардың роялти бойынша берешегі, сондай-ақ салық режимі тұрақтылығының кепілдіктері сақталатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша роялти;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку