«Әкімдіктер жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 231 бұйрығы (2017.17.10. берілген өзгерістермен)
Әкімдіктер жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 231 бұйрығы
(2017.17.10. берілген өзгерістермен)
«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Әкімдіктер жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестер туралы үлгілік ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жастар саясаты департаменті (Р.С. Кәрібжанова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министр | А. Сәрінжіпов |
ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2017.17.10. № 143 бұйрығымен үлгілік ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 23 сәуірдегі
№ 231 бұйрығымен
бекітілген
Әкімдіктер жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестер туралы
үлгілік ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Әкімдіктер жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестер (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылатын облыстық, республикалық маңызы бар қала мен астана, аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдіктер жанындағы консультативтік-кеңесші органдар болып табылады.
Демо – версия документа