Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ӘКІМДІКТЕР ЖАНЫНДАҒЫ ЖАСТАР ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТ...

Әкімдіктер жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 231 бұйрығы

 

Осы редакция 2017 жылғы 17 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Әкімдіктер жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестер туралы үлгілік ереже бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жастар саясаты департаменті (Р.С. Кәрібжанова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты ресми жариялауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

А. Сәрінжіпов

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2015 жылғы 23 сәуірдегі

№ 231 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Әкімдіктердің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес туралы
ҮЛГІЛІК ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылатын, әкімдіктердің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестер (бұдан әрі - Кеңес) әкімдіктер жанындағы консультативтік-кеңесші ұйым болып табылады.

2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының заңын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерін, мемлекеттік жастар саясаты саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку