Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 ақпандағы № 75 Қаулысы (2022.04.12. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 ақпандағы № 75 Қаулысы

(2022.04.12. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Премьер-Министрі

 

Б. Сағынтаев

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2019 жылғы 20 ақпандағы

№ 75 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

 

1. «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 маусымдағы № 508 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 36, 294-құжат):

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Мыналар Қоғам қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын:

1) өңірлердің индустриялық-инновациялық дамуын, салалық және интеграциялық аспектілерді қоса алғанда, экономиканың басым секторларын дамыту саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсету;

2) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға басым тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң бiрыңғай картасын әзiрлеу мен өзектілендіру бойынша қызметтер көрсету;

3) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға индустрияландыру картасын сүйемелдеу бойынша қызметтер көрсету;

4) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну бойынша қызметтер көрсету;

5) аумақтық кластерлерді дамытуда мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну бойынша қызметтер көрсету;

6) аумақтық кластерлерді дамыту процестерін сүйемелдеу бойынша қызметтер көрсету;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции