Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 маусымдағы № 508 Қаулысы (2022.05.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

«Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 маусымдағы № 508 Қаулысы

(2022.05.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Индустриялық дамудың мемлекеттік саясатын ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) құрылсын.

ҚР Үкіметінің 2012.07.11. № 1412 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.20.02. № 75 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 215 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2019.03.07. № 469 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2022.05.09. № 645 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Мыналар қоғам қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын:

1) өңдеу өнеркәсібін дамытуды, өңірлерді өнеркәсіптік-инновациялық дамытуды, өнеркәсіптің цифрлық трансформациясын және Индустрия 4.0-ді енгізуді қоса алғанда, экономика секторларын дамыту саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсету;

2) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға:

басым тауарлар тізбесі жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;

бірыңғай индустрияландыру картасын қолдап отыру;

өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын алушыларға өнеркәсіптік гранттар беру;

бәсекеге қабілеттілікті арттыру туралы келісімдерді іріктеуді жүргізу, қолдап отыру, іске асырылуын мониторингтеу және талдау;

өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру тиімділігін талдау;

қарсы міндеттемелерді мониторингтеу;

индустриялық дамуды бағалауды жүргізу;

өнеркәсіптің цифрлық трансформациясы және өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілерінің Индустрия 4.0-ді енгізу жөнінде ұсынымдар әзірлеу, сондай-ақ ұсынымдарды іске асыру кезінде қолдап отыру бойынша қызметтер көрсету;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции