Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ДАМУ ИНСТИТУТТАРЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ОҢТАЙЛАНДЫРУ ЖӨН...

Даму институттарын басқару жүйесін оңтайландыру жөніндегі кейбір шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 830 Қаулысы

(2019.20.02. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2022 жылғы 21 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамы оған «NADLoC» жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамын қосу арқылы қайта ұйымдастырылсын.

2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

ҚР Үкіметінің 2019.20.02. № 75 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі осы қаулының 1-тармағын орындағаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамын «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамы деп қайта атауды;

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне, соның ішінде «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамы қызметінің нысанасын айқындауды көздейтін шешімдеріне тиісті өзгерістер енгізуді қамтамасыз етсін.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Премьер-Министрі

 

Б. Сағынтаев

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2018 жылғы 13 желтоқсандағы

№ 830 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін

өзгерістер

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку