(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТАУАР БЕЛГІЛЕРІ, ТАУАР ШЫҒАРЫЛҒАН ЖЕРЛЕРДІҢ АТАУЛАР...
Осы редакция 2019 жылғы 5 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 11 қазандағы
№ 1481 бұйрығына
10-қосымша
«Тауар белгілері, тауар шығарылған жерлердің атаулары мемлекеттік тізілімдерінен үзінді көшірмесін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Тауар белгілері, тауар шығарылған жерлердің атаулары мемлекеттік тізілімдерінен үзінді көшірмесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен (бұдан әрі - уәкілетті орган) әзірленді.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды жеке және заңды тұлғамен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) ұсынылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде.
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - тауар белгілері, тауар шығарылған жерлердің атаулары мемлекеттік тізілімдерінен үзінді көшірмесін беру немесе осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Редакция документа
Демо – версия документа