Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Республикалық жастар форумын өткізу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 233 бұйрығы (2023.27.01. берілген өзгерістермен)

Республикалық жастар форумын өткізу тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 233 бұйрығы

(2023.27.01. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 2023.06.01. № 5 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 27 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған республикалық жастар форумын өткізу тәртібі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жастар саясаты департаменті (Р.С. Кәрібжанова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты ресми жариялауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

А. Сәрінжіпов

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2015 жылғы 23 сәуірдегі

№ 233 бұйрығымен бекітілген

 

 

Республикалық жастар форумын өткізу

тәртібі

 

 

1. Жалпы ережелер

 

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 2023.06.01. № 5 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 27 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Осы Республикалық жастар форумын өткізу тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді және республикалық жастар форумын өткізу тәртібін айқындайды.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции