(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫН ӨТКІЗУ ТӘРТІБІН БЕКІТУ...
Республикалық жастар форумын өткізу тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 233 бұйрығы
Осы редакция 2023 жылғы 6 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған республикалық жастар форумын өткізу тәртібі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жастар саясаты департаменті (Р.С. Кәрібжанова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министр | А. Сәрінжіпов |
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 23 сәуірдегі
№ 233 бұйрығымен бекітілген
Республикалық жастар форумын өткізу
тәртібі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Республикалық жастар форумын өткізу тәртібі (бұдан әрі - Тәртіп) «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді және республикалық жастар форумын өткізу тәртібін айқындайды.
2. Республикалық жастар форумы (бұдан әрі - Форум) - жалпыұлттық деңгейде мемлекеттік органдар мен жастар арасындағы өзара іс-қимылды қалыптастыру мақсатында өткізілетін өңірлік форумдарда сайланған жастар өкілдерінің форумы.
Редакция документа
Демо – версия документа