Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТЫҢАЙТҚЫШТАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІН ЭКСПОРТТАУҒА АЙР...

Тыңайтқыштардың жекелеген түрлерін экспорттауға айрықша құқық берудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 12 мамырдағы № 362 Қаулысы

(2023.02.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2023 жылғы 4 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2 және 4-тармақтарына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29 және 47-баптарына, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Үкіметінің 2023.14.09. № 804 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 2 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған:

1) экспортына айрықша құқық берілген тыңайтқыштардың жекелеген түрлерінің тізбесі;

2) айрықша құқық берілген сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың тізбесі;

3) Тыңайтқыштардың жекелеген түрлерін экспорттауға арналған айрықша лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген тыңайтқыштардың жекелеген түрлерінің экспортына айрықша лицензия беруді жүзеге асыру жөніндегі лицензиар болып айқындалсын.

ҚР Үкіметінің 2023.14.09. № 804 Қаулысымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 2 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)

2-1. Тыңайтқыштардың жекелеген түрлерін экспорттауға арналған айрықша лицензияның қолданылу мерзімі оның қолданылу мерзімі басталған күннен бастап бір жылды құрайды және сыртқы сауда шартының (келісімшартының) немесе айрықша лицензия беру үшін негіз болып табылатын құжаттың қолданылу мерзімімен шектелуі мүмкін.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку