Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Тыңайтқыштардың жекелеген түрлерін экспорттауға айрықша құқық берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 12 мамырдағы № 362 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 804 Қаулысы

 «Тыңайтқыштардың жекелеген түрлерін экспорттауға айрықша құқық берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 12 мамырдағы № 362 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 804 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Тыңайтқыштардың жекелеген түрлерін экспорттауға айрықша құқық берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 12 мамырдағы № 362 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

1-тармақтың 2) тармақшасындағы «тізбесі бекітілсін.» деген сөздер «тізбесі;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

«3) Тыңайтқыштардың жекелеген түрлерін экспорттауға арналған айрықша лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату қағидалары бекітілсін.»;

мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

«2-1. Тыңайтқыштардың жекелеген түрлерін экспорттауға арналған айрықша лицензияның қолданылу мерзімі оның қолданылу мерзімі басталған күннен бастап бір жылды құрайды және сыртқы сауда шартының (келісімшартының) немесе айрықша лицензия беру үшін негіз болып табылатын құжаттың қолданылу мерзімімен шектелуі мүмкін.»;

осы қаулыға қосымшаға сәйкес Тыңайтқыштардың жекелеген түрлерін экспорттауға арналған айрықша лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату қағидаларымен толықтырылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Ә. Смайылов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2023 жылғы 14 қыркүйектегі

№ 804 қаулысына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2023 жылғы 12 мамырдағы

№ 362 қаулысымен

бекітілген

 

 

Тыңайтқыштардың жекелеген түрлерін экспорттауға арналған айрықша

 лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату

 қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку