«Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 1332 бұйрығы
«Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 1332 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19897 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Бейрезиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп (101.04-нысан)» салық есептілігін жасау қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 31-1-тармақпен толықтырылсын:
«13-1. Аталған нысан 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 31 желтоқсан арасында туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.»;
1-тармақ:
мынадай мазмұндағы 137) және 138)-тармақтармен толықтырылсын:
«137) осы бұйрыққа 137-қосымшаға сәйкес бейрезиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп нысаны (101.04-нысан);
138) осы бұйрыққа 138-қосымшаға сәйкес «Бейрезиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп (101.04-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары.»;
осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес 137 және 138-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамаcында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Демо – версия документа