Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Бейрезиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп (101.04-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы Министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығына 8, 9-қосымшалары) (2024.01.01. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының

Қаржы Министрінің

2020 жылғы 20 қаңтардағы

№ 39 бұйрығына 8-қосымша

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының

Қаржы Министрінің

2020 жылғы 20 қаңтардағы

№ 39 бұйрығына 9-қосымша

 

 

«Бейрезиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп (101.04-нысан)»

 салық есептілігін жасау қағидалары

(2024.01.01. берілген өзгерістермен)


1-тарау. Жалпы ережелер

 

ҚР Қаржы министрінің 2022.18.01. № 49 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Осы «Бейрезиденттің кірісінен төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп (101.04-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі - Салық кодексі) сәйкес әзірленген және бейрезиденттің кірісінен төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы сомаларын есептеуге, сондай-ақ халықаралық шарт ережелеріне сәйкес салық салудан босатылатын табыстардың сомаларын, шартты банк салымында орналастырылған сомаларды көрсетуге арналған корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігі нысанын (есепті) (бұдан әрі - есеп) жасау тәртібін айқындайды. Есепті Салық кодексінің 648-бабына сәйкес салық агентi жасайды.

2. Есеп осы есептің өзінен (101.04-нысан) және салық міндеттемесінің есептелуі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшадан (101.04) тұрады.

3. Есепті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

4. Көрсеткіштер болмаған кезде есептің тиісті торкөздері толтырылмайды.

5. Есепке қосымша есептегі тиісті көрсеткіштерді көрсетуді талап ететін жолдарды толтыру кезінде міндетті тәртіпте жасалады.

6. Есепке қосымша онда көрсетілуі тиіс деректер болмаған кезде жасалмайды.

7. Есепке қосымшаның парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда, есепке қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции