«Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 151 бұйрығы (2023.13.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 151 бұйрығы
(2023.13.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Энергетика министрінің 2020.17.03. № 100 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2021.06.10. № 314 бұйрығымен (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 157-бабының 5-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектілерді құру, пайдалануға беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 131 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10900 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2016 жылғы 7 сәуірде № 65 (28793) жарияланған);
2) «Жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектілерді құру, пайдалануға беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 131 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 18 шілдедегі № 325 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14258 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
Демо – версия документа