Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектілерді құру, пайдалануға беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 131 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2016 жылғы 18 шілдедегі № 325 бұйрығы (күші жойылды)

«Жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектілерді құру, пайдалануға беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 131 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2016 жылғы 18 шілдедегі № 325 бұйрығы

 

ҚР Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 151 бұйрығымен 2018 жылғы 29 маусымнан бастап күші жойылды

 

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектілерді құру, пайдалануға беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 131 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10900 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мына өзгерістер енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектілерді құру, пайдалануға беру және пайдалану қағидаларында:

3-тармақтың 3) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«3) жүзбелі жабдықты (жүзбелі бұрғылау қондырғысын) алуға тапсырыс беруші - жүзбелі жабдықты (жүзбелі бұрғылау қондырғысын) құру жөніндегі жұмыстарды орындауға арналған мердігерлік шартын жасаған жеке, заңды тұлға немесе бірлестік (консорциум), құрылып жатқан кеменің инвесторы, иесі;»;

«8) мердігер - теңіз құрылыстарын құру және оларды қолдану процесі кезінде техникалық алып жүру жөніндегі жұмыстарды орындауға арналған мердігерлік шартына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы және/немесе тапсырысшы тартқан жеке немесе заңды тұлға;»;

9-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку