Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АСТАНАДА ЖОЛАУШЫЛАРДЫ ЖӘНЕ ЖҮКТІ АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІМ...

Астанада жолаушыларды және жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау ережесін бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 қарашадағы № 1061 Қаулысы

(2022.15.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2022 жылғы 26 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Үкіметінің 2022.28.09. № 760 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2022 ж. 15 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Астанада жолаушыларды және жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К.Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 8 қарашадағы

№1061 қаулысымен

бекітілген

 

 

Астанада жолаушыларды және жүкті автомобиль

көлігімен тасымалдау

ережесі

 

 

ҚР Үкіметінің 2022.28.09. № 760 Қаулысымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2022 ж. 15 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Астанада жолаушыларды және жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының астанасында жолаушыларды және жүкті автомобиль көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртібін белгілейді.

2. Ереже Қазақстан Республикасы астанасының аумағында қолданылады.

ҚР Үкіметінің 2022.28.09. № 760 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 15 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) астананың көлік органы – астана аумағында көлік саласындағы реттеуді жүзеге асыруға астана әкімі уәкілеттік берген жергілікті атқарушы орган;

2) маршрут – жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру процесінде айқындалған, белгіленген бастапқы, аралық және соңғы пункттер мен қозғалыс кестелерінің арасында жүретін жол;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку