«Астанада жолаушыларды және жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 қарашадағы № 1061 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 760 Қаулысы (күші жойылды)
«Астанада жолаушыларды және жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 қарашадағы № 1061 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 760 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 25 қаңтардағы № 34 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Астанада жолаушыларды және жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 қарашадағы № 1061 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Астанада жолаушыларды және жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау ережесінде:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) астананың көлік органы - астана аумағында көлік саласындағы реттеуді жүзеге асыруға астана әкімі уәкілеттік берген жергілікті атқарушы орган;
2) маршрут - жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру процесінде айқындалған, белгіленген бастапқы, аралық және соңғы пункттер мен қозғалыс кестелерінің арасында жүретін жол;
3) маршруттың схемасы - аялдама пункттері, олардың арасындағы арақашықтық, сондай-ақ оларға тән бағдарлар (жол айрықтары, қиылыстар, теміржол өтпелері, көпірлер және тоннельдер) көрсетіле отырып, бағытты графикалық түрде шартты бейнелеу;
4) борт журналы - жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асырған кезде автокөлік құралының рейс алдында техникалық қарап-тексеруден әрі жүргізушінің рейс алдында және рейстен кейін медициналық қарап-тексеруден өткені туралы белгілер қойылатын, автокөлік құралында болатын нөмірленген және тігілген журнал;
Документ утратил силу
Демо – версия документа