«Кейбiр бұйрықтарға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2024 жылғы 8 қарашадағы № 371-НҚ бұйрығы
Кейбiр бұйрықтарға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2024 жылғы 8 қарашадағы № 371-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы |
А. Бижанова |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрінің міндетін атқарушы
2024 жылғы 8 қарашадағы
№ 371-НҚ бұйрығына
қосымша
Өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. «Салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректердің электрондық есебі және оларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа беру туралы қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 350 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8057 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректердің электрондық есебі және оларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа беру туралы қағидаларында:
1-тармақ келесідей редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа