Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректердің электрондық есебі және оларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа беру туралы қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары -Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 350 бұйрығы (2024.26.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректердің электрондық есебі және оларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа беру туралы қағидаларды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары -Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 350 бұйрығы

(2024.26.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Сауда және интеграция министрінің 2020.26.05. № 124-НҚ бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректердің электрондық есебі және оларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа беру туралы қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;

3) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

3. «Салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректердің электрондық есебі және оларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа беру туралы ережені бекіту туралы» (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілердің тіркеу тізілімінде № 3435 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2005 жылғы 20 қаңтардағы № 14 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Қ.А. Тулеушинге жүктелсін.

5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары -

Қазақстан Республикасы Индустрия және

жаңа технологиялар министрі

 

 

 

Ә. Исекешев

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции