Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ...

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің кейбір мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 наурыздағы № 164 Қаулысы

(2018.24.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2019 жылғы 29 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі - Комитет) құрылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің шекарадағы және көліктегі мемлекеттік ветеринариялық қадағалау аймақтық бөлімшелері осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары - мемлекеттік мекемелері және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің шекарадағы және көліктегі аймақтық мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бөлімшелері болып қайта ұйымдастырылсын.

3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, тиісті қажетті материалдық-техникалық құралдарды және өзге де мүлікті Комитетке беруді қамтамасыз етсін.

ҚР Үкіметінің 2008.28.02. № 205 Қаулысымен 3) тармақшамен толықтырылды (бұр. ред. қара)

4. Қоса беріліп отырған:

1) ҚР Үкіметінің 2007.28.10. № 995 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі;

3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі бекітілсін.

5. ҚР Үкіметінің 2007.28.10. № 995 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку