(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.02.03. № 164 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік
кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің кейбір мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 наурыздағы № 164 Қаулысы
Осы редакция 2007 жылғы 28 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі - Комитет) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің шекарадағы және көліктегі мемлекеттік ветеринариялық қадағалау аймақтық бөлімшелері осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары - мемлекеттік мекемелері және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің шекарадағы және көліктегі аймақтық мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бөлімшелері болып қайта ұйымдастырылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, тиісті қажетті материалдық-техникалық құралдарды және өзге де мүлікті Комитетке беруді қамтамасыз етсін.
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті туралы ереже және оның құрылымы;
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі бекітілсін.
5. Комитет төрағасының екі орынбасары болуына рұқсат берілсін.
6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.
7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Редакция документа
Демо – версия документа