«Қазақстан Республикасының клиринг ұйымдары есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 16 тамыздағы № 133 Қаулысы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасының клиринг ұйымдары есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 16 тамыздағы № 133 Қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 26 қарашадағы № 211 Қаулысымен 2020 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының клиринг ұйымдары есептілігінің тізбесі;
2) осы қаулыға 2 және 3 қосымшаларға сәйкес клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектілердің нетто-талаптары мен нетто-міндеттемелері туралы есеп нысаны;
3) осы қаулыға 4 және 5 қосымшаларға сәйкес клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектілер туралы есеп нысаны;
4) осы қаулыға 6 және 7 қосымшаларға сәйкес клирингтік қызмет көрсетуге қабылданған қаржы құралдары туралы есеп нысаны;
5) осы қаулыға 8 және 9 қосымшаларға сәйкес мәмілелер бойынша өзінің міндеттемелерін жосықсыз орындайтын клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектілер туралы есеп нысаны;
6) осы қаулыға 10 қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы клиринг ұйымдарының есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Клиринг ұйымы уәкiлеттi органға электрондық нысанда:
1) күн сайын, келесі жұмыс күнінің соңына дейін осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектілердің нетто-талаптары мен нетто-міндеттемелері туралы есепті;
2) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей:
осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектілер туралы есепті;
Документ утратил силу
Демо – версия документа